Желіде бірнеше шетелдік ақтөбелік тұрғынды соққыға жығып өлтіргені туралы ақпарат тарады. Полиция бұл дерекке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция Ақтөбе облысында орын алған жүк автокөліктерінің жүргізушілері арасындағы жанжалға қатысушылардың бірін анықтап, ұстады. Жанжалдың ұсақ тұрмыстық мәселелерден бастау алып, арты төбелеске ұласқаны анықталды. Салдарынан бір адам зардап шекті.
Полиция мәліметінше, зардап шегушінің қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қалған күдіктілерді ұстау шаралары қабылданып жатыр. Ақтөбе облысының полиция департаменті азаматтарды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!