“Бірнеше сағат бойы ұрып-соқты: Ақтөбе тұрғыны бір топ адам өзін заңсыз ұстағанын айтты

“Бірнеше сағат бойы ұрып-соқты: Ақтөбе тұрғыны бір топ адам өзін заңсыз ұстағанын айтты
Фото: Видео кадры

Ақтөбе тұрғыны бір топ адам өзін заңсыз ұстағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына 38 жастағы тұрғын жүгініп, өзін бір топ адам заңсыз ұстап, мүлкін бопсалағаны туралы арызданған.

Тергеу нұсқасына сәйкес күдіктілер ер адамды көліктің ішінде заңсыз ұстап, бірнеше сағат бойы күш қолданып, өздерінің заңсыз талаптарын орындауға мәжбүрлеген.

"Арнайы операция барысында күдіктілердің барлығы анықталып, ұсталды. Бұл дерекке қатысты бопсалау дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Ақтөбе облысы ПД өкілі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Polisia AQTOBE (@polisia_aqtobe)

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget