"Бірнеше рет соққы жасады". Оралда мас адам полицейге шабуылдады

Оралда мас адам бұрауышпен полицейге шабуыл жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Polisia.kz мәліметінше, 19 желтоқсанда сағат 03:50-де Мұхит пен Дина Нұрпейісова көшелерінің қиылысында Ж. есімді 32 жастағы азамат басқарған ВАЗ-2110 көлігі тоқтатылды. Бұрын бұл жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылған.

Оның жанында 24 жастағы досы болған. Көлік арнайы автотұраққа шығарыла бастағанда, жолаушы полиция инспекторына шабуыл жасап, оған бұрағышпен бірнеше рет соққы жасады. Қылмыс жасаған кезде ол мас болған.

Полиция қызметкеріне шабуыл жасаған жолаушыға қатысты ҚР ҚК-нің 380-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша жауапқа тартылады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!