Бірнеше рет пара алды деп айыпталып, ақталып шыққан Көкірекбаев қайтадан қамауға алынды

Бірнеше рет пара алды деп айыпталып, ақталып шыққан Көкірекбаев қайтадан қамауға алынды
Фото: KAZPRAVDA.KZ

"Қазселденқорғаудың" бұрынғы басшысы Кәрім Көкрекбаевтың үкімі жойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"25 шілдеде Алматы облыстық соты ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ басшысы Кәрім Көкрекбаевқа қатысты ақтау үкімінің күшін жойды, қылмыстық іс бірінші сатыдағы соттың жаңа қарауына жолданды. Сонымен қатар, Кәрім Көкрекбаев сот залында қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін алқабилер соты бірнеше рет пара алды деп айыпталған "Қазселденқорғау" экс-басшысын ақтап шығарған болатын. 

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшесінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қаралды.

"Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы К. мен оның орынбасары А. өздерінің қызметтік өкілеттіктеріне кіретін әрекеттері мен әрекетсіздігі үшін алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін, сондай-ақ жалпы қамқорлығы үшін айыпталды (ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы).  Сонымен қатар, К.-ға бір әрекеттерді бірнеше рет жасағаны үшін айып тағылды (ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігі).  ЖШС директоры П.-ға алдау және сенімге қиянат жасау арқылы мүліктік залал келтірді, ұрлық белгілері болмаған кезде, өзінің қызметтік бабын пайдаланып, ірі көлемде зиян келтірді (ҚК-нің 195-бабының 4-бөлігі 2-тармағы) және лауазымды тұлғаға жеке басына аса ірі мөлшерде ақша түріндегі пара берді деген айып тағылды (ҚК-нің 367-бабының 4-бөлігі)", - деп хабарлады Алматы облысы сотының баспасөз қызметі.

Сот 2022 жылғы 22 желтоқсанда сотталушы А. ММ басшысының орынбасары бола тұра, өзінің қызметтік мүмкіндіктерін пайдалана отырып, селден қорғау бөгеттерін салуға шарт жасалған мердігер ұйымның директоры Ж.-дан пара алған. Жұмыстың орындалғаны туралы актілерге кедергісіз қол қою және жалпы қамқорлық үшін пара беруші 397 621 АҚШ долларынан астам ақша бергенін анықтады. Ал сотталушы П., ЖШС директоры бола тұра, жұмыстың орындалғаны туралы актілерге кедергісіз қол қою және жалпы қамқорлық үшін ММ басшысының орынбасарына 397 621 АҚШ доллары көлемінде пара берген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина