Бірнеше рет күдікке ілінген Ерік Байжүнісов жаңа қызметке тағайындалды

Бірнеше рет күдікке ілінген Ерік Байжүнісов жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, ол Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының жаңа басқарма төрағасы болып тағайындалған.

Ерік Байжүнісов 1965 жылы 26 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген. Ведомство мәліметіне сүйенсек, оның 35 жылдық еңбек өтілі бар, оның 11 жылдан астамы мемлекеттік қызметте. Дәрігер-хирургтен бастап денсаулық сақтау вице-министріне дейін көтерілген.

Айта кетейік, 2020 жылы қыркүйекте Ерік Байжүнісов бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді. Оған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

2022 жылғы сәуірде оған қатысты қылмыстық іс "қылмыстық құқықбұзушылық құрамы болмауына байланысты" тоқтатылғаны белгілі болды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!