Бірнеше өңірдің тұрғындарының атына несие рәсімдеген ҰҚТ әшкере болды

Бірнеше өңірдің тұрғындарының атына несие рәсімдеген ҰҚТ әшкере болды
Фото: depositphotos.com

Ақмола облысында 450 адамға несие рәсімдеген ҰҚТ құрықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2024 жылы қарашада алаяқтық дерегімен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру Ақмола облысы прокуратурасының арнайы прокурорларына жүктелген.

Соталды тергеп-тексеру барысында ұйымдасқан қылмыстық топ анықталып, оның мүшелері алдау жолымен екінші деңгейлі банктерден ақша жымқырғаны әшкерленген.

"Топ мүшелерінің рөлдері, міндеттері және әрекеттері нақты бөлінген. Алаяқтар 450 адамға 5 млрд теңге шамасында заңсыз несие рәсімдеген", - деп жазылған хабарламада.

Еліміздің бірнеше өңірінің тұрғындары алаяқтардың құрбаны болған.  

Қазір қылмыстық іс бойынша 24 адам күдікті деп танылып, оның 15-і сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget