Тағы төрт облыста оқушылар қашықтан оқиды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін Абай, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Жамбыл облыстарының бірнеше мектебіндегі бірінші ауысым оқушылары ауа райының қолайсыздығынан қашықтан оқиды.
Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Бесқарағай ауданының 21 мектебінің 1-9-сыныптары, сегіз мектептің 1-4-сыныптары, төрт мектептің 1-9-сыныптары және Бородулиха ауданының екі мектебінің 1-11-сыныптары, сондай-ақ Жарма ауданындағы бес мектептің 1-4-сыныптары және екі мектептің 1-9-сыныптары қашықтан оқуға ауыстырылды.
Жаңасемей ауданының бір мектебінің 1-11-сыныптары және тағы бір мектебінің 1-4-сыныптары, Аягөз ауданының барлық мектебінің 1-11-сыныптары, сондай-ақ Семей мектептерінің 1-9-сыныптары үшін қашықтан оқыту форматы ұйымдастырылды. Басқа аудандар мен қалалардың қалған оқу орындары штаттық режимде оқиды.
YK-news.kz мәліметінше, көктайғақтың кесірінен Өскемен мектептерінің бірінші ауысымдағы 0-11-сыныптарының оқушылары қашықтан оқиды.
Қостанай облысындағы Ұзынкөл және Меңдіқара аудандарында да оқушылар қашықтан оқуға көшеді.
Жамбыл облысының Төтенше жағдай департаменті Тараз, Жамбыл, Жуалы және Байзақ аудандарының бірінші ауысым оқушыларының да онлайн режимге ауысатынын хабарлады.
Еске салайық, бұған дейін де бірқатар өңірде жол жабылып, оқушылар қашықтан оқитыны хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова