- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ауа райының нашарлауы
Бірнеше өңірде жол жабылды: ТЖМ жедел желіні іске қосты
Фото:
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мәліметтері бойынша, қолайсыз ауа райы жағдайларына, қатты желге және көрінудің шектелуіне байланысты 5 өңірдегі республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде қозғалыс жабық және шектелген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Түркістан облыстарында көлік құралдарының барлық түрлерінің қозғалысы жабық.
ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығында 8 (7172) 70-41-14, сондай-ақ Ақмола облысының ТЖД 8(7162) 52-09-50 жедел желісінің телефоны ашылды.
Айта кетейік, дауылды ескертулер мен ауа райының нашарлауы кезінде ҚР ТЖМ мыналарды ұсынады:
- алыс сапарлардан аулақ болу;
- ауылдық жерлердің тұрғындары ұзақ жаяу сапарлардан бас тарту;
- елді мекендерден тыс жерлерге шықпау;
- жол жабылатын жерлерде көлік құралдарын жинамау;
- мүмкін болса, елді мекендерде, кемпингтерде немесе жол бойындағы кафелерде болу.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина