- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бірнеше өңірде ауа...
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Синоптиктер еліміз бойынша ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.
Алматы облысы
24 маусымда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы қ: 24 маусымда түнде найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қ: 24 маусымда түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Астана
Астана қаласында 24 маусымда найзағай күтіледі.
Ұлытау облысы
24 маусымда күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жезқазған қаласында 24 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысы
24 маусымда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды қаласында 24 маусымда найзағай күтіледі.
Ақмола облысы
24 маусымда түнде Ақмола облысының шығысында, күндіз батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, күндіз батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы
24 маусымда Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Орал қаласында 24 маусымда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі.
Түркістан облысы
24 маусымда Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. 24-26 маусымда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қаласында 24-26 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады. Түркістан қаласында 24-26 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы
24 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысынның солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 25 маусымда Шығыс Қазақстан облысынның солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с.
Өскемен қаласында 24 маусымда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 17-22 м/с.
Ақтөбе облысы
24 маусымда Ақтөбе облысында желдің бағыты батыстан солтүстікке ауысады, түнде облыстың батысында, орталығында екпіні 15 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Абай облысы
24 маусымда күндіз Абай облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. 24 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады. 25 маусымда түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с.
Семей қаласында 24 маусымда найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 17-22 м/с. 24 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысы
24 маусымда күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысы
24 маусымда күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда облысының батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысы
24 маусымда Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында 24 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысы
24 маусымда Костанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік жартысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай қ: 24 маусымда күндіз найзағай күтіледі.
Жетісу облысы
24 маусымда Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20 м/с, Алакөль озендері ауданында екпіңі 18-23, кей уақытта 28 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Талдықорған қаласында 24 маусымда түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысы
24 маусымда Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Павлодар қаласында 24 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысы
24 маусымда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында найзағай күтледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.
Петропавл қаласында 24 маусымда күндіз найзағай күтіледі.
Жамбыл облысы
25-26 маусымда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. 24-26 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 24-26 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Тараз қаласында 24-26 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина