Қарағандыда полиция бірнеше көлікке ұрлыққа түскен күдіктіні құрықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел алдын алу іс-шарасын тиісті деңгейде өткізу, сонымен қатар бұрын осы санатта жасалған қылмысты ашу мақсатында криминалдық полиция және жергілікті полиция қызметі бөліністерінің қызметкерлерінен жедел тергеу топтары құрылды.
Жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері жеңіл көлікке бірнеше рет ұрлық жасады деген күдікпен 40 жастағы қала тұрғынын ұстады. Тергеу әрекеттері барысында ол көлік терезелерін бұзу арқылы ұрлық жасағаны анықталды. Күдікті үш көлікті тонаған.
Күдікті қылмысын бір маркалы көліктерден ғана жасағаны және бұндай ұрлықтарды Қарағанды, Теміртау қалаларында жасағаны белгілі болды. Күдіктіден айғақ заттар алынып, қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азаматқа қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.
Іс-шара барысында тәртіп сақшылар автокөлікті айдап кету дерегіне қатысы бар деген күдікпен 30 жастағы қала тұрғынын ұстады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!