Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"1 ақпанда Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында, түнде Петропавл қаласында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.
Еске салайық, кеше де оннан аса қаланың тұрғындарына ескерту жасалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!