Бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасалды

Қазгидромет Алматы, Атырау және бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктері 22 қарашада Алматы, Атырау, Шымкент, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау және түнде Астана қалаларында ауа сапасы нашарлайтынын ескертті", - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!