Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"24 қаңтарда Петропавл, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Орал, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Астана қалаларында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.
Еске салайық, 23 қаңтарда да бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz