Бірнеше қалада көлік пен бөлшектері өртенді

Бірнеше қалада көлік пен бөлшектері өртенді
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін Алматы, Шымкент қалаларында жеңіл көліктер өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысының Абай ауданында авто қосалқы бөлшектер дүкені бар ТЖО-да өрт болды. Өрт орнынан көліктер мен бір газ баллоны шығарылды.

Қазыбек би ауданында автокөліктің моторлы бөлігіндегі жанғыш бөлігі өртенді.

 

Барлық жағдайда өрт ТЖД күштері арқылы сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.

"ТЖМ автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береді", - деп ескертті ведомство өкілдері. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова