"Қазгидромет" синоптиктері 29 қыркүйекте Қазақстанның алты қаласында ауа сапасы нашарлайтыны туралы болжам жасады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"2024 жылғы 29 қыркүйекте Қостанай, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Алматы қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіліп отыр", – деп хабарлады синоптиктер.
Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Ол пайда болған кезде елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы мүмкін.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз