- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бірнеше есе қымбат"....
"Бірнеше есе қымбат". Ресейлік блогер Алматы мен Мәскеудегі такси қызметін салыстырды
Мәскеуден Алматыға көшіп келген 24 жастағы танымал ресейлік блогер Евгений Курчанов Қазақстан мен Ресейдегі такси қызметін салыстырды, - деп хабарлайды Tengri Lifestylе.
Блогердің айтуынша, Ресей астанасында такси бағасы Қазақстанға қарағанда 7 есе қымбат. Курчанов Алматы мен Мәскеуге жасаған сапарларының біріне мысал келтірген.
"Кеше досыма бардым, 45 минут жүруім керек еді. Осы сапарға 1800 теңге төледім, бұл - 250 рубль. Мәскеуде пәтерден әуежайға дейін шамамен осындай қашыққа 45 минут жүріп, кем дегенде 1800 рубль төледім", - дейді Курчанов.
Блогер отандық такси жүргізушілеріне де таңғалған. Оның сөзінше, ресейлік такси жүргізушілері көпшіл емес. Бірақ қазақстандық жүргізушілер туралы бұлай айта алмайсың. Евгений Курчанов көрген ең соңғы айырмашылық - такси тарифтері айырмашылығы.
"Мұнда "бизнес санатына" тапсырыс берсең, Toyota Camry келеді. Ал Ресейде Maybach келеді. Бірақ бұл тарифтерге бірнеше есе қымбат төлейсің, сондықтан бәрі әділ деп ойлаймын", - деп қорытындылады ресейлік блогер.
Еске салайық, 24 жастағы ресейлік блогер Евгений Курчанов 4 ай бұрын Мәскеуден Алматыға көшіп келген. Жігіт Қазақстанда тіл үйрететін мектеп ашқан. Ол еліміздің әр өңіріне саяхаттап, алған әсерін бөліседі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова