- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бірнеше елде Құранның...
Бірнеше елде Құранның өртелуі: Тоқаев пікір білдірді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше елде Құранның өртелуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Еуропаның бірқатар мемлекетінде болған Құранды өртеу актілерін қазіргі әлемдегі жағдайды шиеленістіруге, халықтар мен мемлекеттер арасындағы сенімге нұқсан келтіруге бағытталған арандатушылық әрекет деп санайды.
"Қазақстан - Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізуге бастамашы болған мемлекет. Бұл форум дәстүрлі діндер мен конфессиялардың көрнекті өкілдері арасындағы тиімді әрі табысты диалог алаңына айналды.
Президенттің пікірінше, жиілеп кеткен діни вандализм мен аталған елдер азаматтарының жауапсыз әрекеті мемлекеттер мен діндердің бейбіт қатар өмір сүруіне кері әсерін тигізеді. Бұл жалпыға ортақ нормаларға қайшы келетін акциялар ретінде бірауыздан айыпталуға тиіс. БҰҰ Бас Ассамблеясы да бұл мәселеге қатысты өз ұстанымын білдіруі керек", - делінген Ақорда хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін жұрт алдында Құранды өртеп жіберген Салван Момик Швецияда Құран кітабын теуіп қорлағаны туралы хабар тараған еді.
Бұл видео Тurknws Instagram-парақшасында пайда болды. Онда Салван Момиктің Швеция астанасы Стокгольмде Құран кітабын теуіп, лақтырып жатқаны бейнеленген. Ал оның жанында күзет тұр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оған дейін Швеция астанасы Стокгольмде Ирактан келген босқын жігіт Құранды өртеген еді.
Полиция Үлкен мешіттің алдында Құран өртеуге рұқсат берген. 37 жастағы Салван Момика бірнеше апта бұрын құқық қорғау органдарына арыз жазып, рұқсат алғаны белгілі болды.
Ол бір топ тәртіп сақшыларының және жолай өтіп бара жатқан 200-ге жуық адамның көзінше мұсылманның қасиетті кітабының бір данасын өртеп жіберді. Дегенмен жұртшылық оның әрекетін қолдаған жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина