Украина президенті Владимир Зеленский бірнеше елді мекен босатылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, Харьков облысында 13 әскери әкімшілік құрылған. Massaget.kz тілшісі кейінгі тәулікте қандай маңызды оқиғалар болғанына шолу жасады.
Зеленский 13 әскери әкімшілік басшысын тағайындады
Украина президенті Владимир Зеленский Харьков облысында жаңа 13 әскери әкімшілік құрды, Запорожьеде де екеуін құрды. Бұйрықтар Украина мемлекет басшысының сайтында жарияланған.
Киев облысына соққы жасалды
"Ақ шіркеуде бірнеше жарылыс болғаны туралы ақпарат бар. Алдын ала мәліметтер бойынша, қалаға камикадзе дрондары арқылы шабуыл жасалған. Сондықтан инфрақұрылым нысандарында өрт шықты. Бір жәбірленуші бар. Шұғыл қызметтер жұмыс істеп жатыр", - деді Киев ОМӘ төрағасы Алексей Кулеба.
Украина Ұлттық банкі басшысы отставкаға өтініш берді
Украина Ұлттық банкі басшысы Кирилл Шевченко Украина президентінің қарауына отставкаға кету туралы өтініш берді. Кирилл Шевченко шешімін денсаулығына байланысты деп түсіндірген.
Бір апта ішінде ондаған елді мекен босатылды - Зеленский
"Осы аптада ондаған елді мекен ресейлік псевдореферендумнан босатылды. Олар Херсон, Харьков, Луганск және Донбасста. Херсоннан алынған әскери мәліметтер бойынша, Любимовка, Крещеновка, Золотая Балка, Беляевка, Украинка, үлкен және кіші Александровка және Давыдов Брод елді мекендері оккупанттан босатылып, тұрақтандырылды. Бұл әлі толық тізім емес..."- деді Зеленский бейнеүндеуінде.
Қандай көмек көрсетіліп жатыр?
АҚШ президенті Джо Байден украиналық әріптесі Владимир Зеленскийге Вашингтон Киевке 625 миллион доллар болатын жаңа көмек пакетін беретінін айтты. Оған жаңа HIMARS реактив жүйелерін жеткізу кіреді. Бұл туралы Ақ үйдің сайтында жарияланған хабарламада айтылған.
Еуропа Одағының 2023 жылғы бюджеті Украинаға қаржылық көмекке жұмсалады. Бұл туралы 4 қазанда өткен баспасөз мәслихатында Еурокомиссияның вице-президенті Валдис Домбровскис мәлімдеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!