Түркістан облысында із-түссіз жоғалған жасөспірім іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кентау қаласында 2010 жылы туған Сүлеймен Дамир Қанатұлы жоғалып кетті. Ол 9 наурызда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.
ІІМ өкілдері жоғалған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат болса, 8-775-000-02-11, 8-705-311-78-53 нөмірлеріне немесе 102 арнасына хабарлауды сұрады.
Тәртіп сақшылары кез келген ақпарат маңызды екенін ескертіп, азаматтарды бірлесіп әрекет етуге шақырды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!