Бірнеше аптадан бері хабарсыз: Түркістан облысында із-түссіз жоғалған жасөспірім іздестіріліп жатыр

Бірнеше аптадан бері хабарсыз: Түркістан облысында із-түссіз жоғалған жасөспірім іздестіріліп жатыр
Фото: ІІМ

Түркістан облысында із-түссіз жоғалған жасөспірім іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кентау қаласында 2010 жылы туған Сүлеймен Дамир Қанатұлы жоғалып кетті. Ол 9 наурызда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

ІІМ өкілдері жоғалған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат болса, 8-775-000-02-11, 8-705-311-78-53 нөмірлеріне немесе 102 арнасына хабарлауды сұрады.

Тәртіп сақшылары кез келген ақпарат маңызды екенін ескертіп, азаматтарды бірлесіп әрекет етуге шақырды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget