Алматы облысындағы нашар жолдар үшін шенеуніктерге 16 миллион теңгеге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәселен, сот шешімімен "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ Алматы облыстық филиалы Алматы облысының полиция қызметкерлері бұрын берген нұсқаманы орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ұйымға 738 400 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Жыл басынан бастап полиция жалпы пайдаланымдағы тасжолдарға 1 579 тексеру жүргізді. Жұмыс қорытындысы бойынша жолдарды күтіп-ұстаудың көптеген кемшілігі анықталды, оларды жоюға жол-пайдалану ұйымдарына 1 579 нұсқама жіберілді.
Әкімшілік жауапкершілікке 321 лауазымды және заңды тұлға тартылды. Олардың арасында "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ Алматы облыстық филиалы мен "Қажсервис" ЖШС бар, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК 631-бабы бойынша 36 әкімшілік хаттама жасалды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 16 миллион теңгеден асады. Бұрын берілген нұсқамаларды орындамағаны үшін 30 әкімшілік хаттама жасалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!