Бірқатар өңірде жарық өшті: министрлік мәлімдеме жасады

Энергетика министрлігі кейбір өңірлердегі электрмен жабдықтауға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 14 тамызда энергетикалық жүйеде қуат күрт артып, оған Орталық Азияның энергетикалық жүйесі тарапынан электр энергиясы ауысымы күрт өзгеруі себеп болған.

"Салдарынан апатқа қарсы автоматика іске қосылып, кейбір өңірлердегі тұтынушылар ажыратылды. Қазір жүйелік оператор KEGOC АҚ қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кейбір өңірлерде электр энергиясымен қамту қалпына келді", - деп жазылған хабарламада.

Жағдай Энергетика министрлігінің бақылауында. 

Еске салайық, бұған дейін Алматының бірнеше ауданында жарық өшіп қалғаны хабарланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!