- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бірқатар өңірде ауа...
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Синоптиктер бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
26 тамызда күндіз Ұлытау облысының батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 метрге жетеді. 26 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
26 тамызда күндіз Атырау облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жел екпіні 15-20 метрге жетеді. 26 тамызда облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
26 тамызда Қарағанды облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 метр деп күтіледі. 26 тамызда облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
26 тамызда Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 метр болады. 26 тамызда Жетісу облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 26 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
26 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысының батысында, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20, екпіні 23 метр болады деп күтіледі. 26 тамызда Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 26 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 метр болады күтіледі. 26 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
26 тамызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 метр болады. Петропавл қаласында 26 тамызда күндіз найзағай күтіледі.
26 тамызда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метр болады күтіледі. Кокшетау қаласында 26 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді.
26 тамызда Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 метр болады. 26 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады. Семей қаласында 26 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
26 тамызда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метр болады. 26 тамызда облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.
26 тамызда Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 метр болады. 26 тамызда облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қаласында 26 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
26 тамызда Алматы облысының солтүстік жартысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында 26 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында да 26 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
26 тамызда күннің соңында Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23 метр болады. 26 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қаласында 26 тамызда күннің соңында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 метр болады. 26 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады. Түркістан қаласында 26 тамызда күннің соңында найзағай күтіледі. Күндіз кей уақытта шаңды дауыл тұрады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. 26 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.
26 тамызда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 мтр болады деп күтіледі. 26 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында 26 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
26 тамызда күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 метр болады. 26 тамызда облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында 26 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 деп күтіледі. 26 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
26 тамызда Қостанай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 метрге жетеді. 26 тамызда Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
24 тамызда Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, орталығында күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 метр деп күтіледі. 24-26 тамызда Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 24 тамызда жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз күші 15-20 метрге жететін шаңды дауыл күтіледі. 24-26 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
23 тамызда Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында күші 15-20 метрге жетеді. 23-25 тамызда Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 23-25 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова