Қазгидромет Қазақстанның 9 өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маңғыстау облысы
30 сәуірде түстен кейін Маңғыстау облысының орталығында оңтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.
Қарағанды облысы
30 сәуірде Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыс жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.
Ұлытау облысы
30 сәуірде Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыс жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.
Түркістан облысы
30 сәуірде түстен кейін Түркістан облысының тауларында найзағай болады. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел батыс, солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз солтүстікте, батыста, облыстың таулы аймақтарында секундына 15-20 метр. Түркістанда 30 сәуірде түстен кейін солтүстік-шығысқа ауысатын батыс жел, екпіні секундына 15-20 метр болады деп күтіледі.
Абай облысы
30 сәуірде Абай облысында солтүстік-батыс жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында 15-20, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде секундына 23-28 метр жел соғады. Семейде 30 сәуірде солтүстік-батыс жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.
Солтүстік Қазақстан облысы
30 сәуірде түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Жел солтүстік, солтүстік-батыс, күндіз облыстың көп бөлігінде екпіні секундына 15-20 метр. Петропавлда 30 сәуірде түстен кейін солтүстік, солтүстік-батыс жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады.
Ақмола облысы
30 сәуірде түстен кейін Ақмола облысында жел солтүстік-шығыс, солтүстік, облыстың солтүстігінде, шығысында секундына 15-18 метр екпінді болады деп күтіледі.
Алматы облысы
30 сәуірде түстен кейін оңтүстікте, Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыс, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. Алматыда 30 сәуірде түстен кейін найзағай болады деп күтіледі. Қонаев қаласында 30 сәуірде түстен кейін найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыс, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр.
Атырау облысы
30 сәуірде Атырау облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыс жел соғады, күндіз секундына 15-20 метр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!