Қалың тұманға байланысты Жетісу облысындағы автожолдарда қозғалыс уақытша шектелді. Ал Ақмола облысында қатты аяз салдарынан бірнеше жол учаскесі жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жетісу облысы
27 желтоқсанда сағат 23:20-да ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық көлік түрі үшін Үшарал – Достық автожолының 84–164 шақырым аралығындағы учаскесінде (Көктұма кентінен Достық станциясына дейін) қозғалысқа шектеу енгізілді.
Жол шамамен 29 желтоқсан, сағат 15:00-де ашылады.
Ақмола облысы
28 желтоқсанда сағат 00:00-де қатты аязға (ауа температурасының –30°С-қа дейін төмендеуіне) байланысты төмендегі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелді:
- Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай - РФ шекарасы, 16–419 шақырым, Астанадан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін;
- Жезқазған - Арқалық - Петропавл, 337–595 шақырым, Қостанай облысы шекарасынан Солтүстік Қазақстан облысы шекарасына дейін;
- Жақсы - Есіл - Бұзулық, 0–82 шақырым, Жақсы кентінен Бұзулық кентіне дейін;
Қостанай - Әулиекөл - Сұрған, 232–260 шақырым, Қостанай облысының шекарасынан Сұрған кентіне дейін; - Астана - Қорғалжын, 19–124 шақырым, Астанадан Қорғалжын кентіне дейін.
Солтүстік Қазақстан облысы
- Жезқазған - Арқалық - Петропавл, 595–624 шақырым, Ақмола облысы шекарасынан Дружба ауылына дейін;
- Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай - шекара, 834–856 шақырым, Чистополье кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін.
Қостанай облысы
- Жезқазған - Арқалық - Петропавл, 340–377 шақырым, Арқалықтан Ақмола облысының шекарасына дейін;
- Қостанай - Әулиекөл - Сұрған, 218–232 шақырым, Октябрьское ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін.
Жол шамамен 28 желтоқсанда, сағат 09:00-де ашылады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz