Бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүрді

Бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүрді
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысының жарлықтарымен бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Нұрлан Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Ол Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Айта кетейік, оның орнына бұрынғы әділет министрі Азамат Есқараев Қазақстанның Үндістандағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының жарлығымен Әлім Қирабаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget