Бірқатар банк доллар бағамын 196 теңге деп көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Forte bank сайтында доллар бағамы сатылымға 197,5 теңге деп көрсетілген. Ал Еуразиялық банктің сайтында 0,1 тиынға төмен - 197,4. Казкоммерцбанк - 198.67 теңге. Центркредит сайтында сату құны - 194.5 теңге.
Айта кетейік, KASE қор биржасының сайтында соңғы келісім 195 теңге бойынша жасалған. Сонымен қатар, 197 теңге бойынша ұсыныстар болған. ҚР Ұлттық банкінің сайтында әлі 188.3 курсы белгіленіп тұр.
Еске салайық, Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов 2015 жылдың 15 шілдесінде жаңа валюта дәлізіне өткеннен кейін теңгенің долларға шаққандағы бағамының таяу арада осыған дейінгі диапазонда қалатынын мәлімдеген еді. Ол алдағы маусымда доллардың 190 теңгеге көтерілмейтініне уәде берген еді.
Курстың ауытқу дәлізі бір долларға 170-188 теңгеден 170-198-ге өзгерген еді.
Бұл банктер құпия келісімге келді деген сөз бе? Ұлттық банктің комментариін күтейік.