Танымал ресейлік "Бриллиантовая рука" фильмінің актрисасы, РФ еңбек сіңірген әртісі Светлана Светличная 85 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жергілікті БАҚ оның ауруханада ұйықтап жатқан жерінде көз жұмғанын хабарлады. Оның жүрегі тоқтап қалған.
Актриса ұзақ уақыт бойы ауыр дертпен күрескен. Оған қатерлі ісік диагнозы қойылды.
Светлана Светличнаяны көпшілік "Бриллиантовая рука" фильміндегі азғырушы Анна Сергеевна рөлімен таниды.
Айта кетейік, наурызда Светличнаяның жүрегі ауырып, Мәскеудегі ауруханалардың бірінің жансақтау бөліміне түскен болатын.
Ол 1940 жылы 15 мамырда Арменияда дүниеге келген. Актриса алғаш рет Михаил Роммның басшылығымен VGIK курсына түсті. 1959 жылы "Бесік жыры" фильмінде алғаш үлкен экранға шықты. Ол кезде Светличная 19 жаста болатын.
Светличная комедиялардан бастап мелодрамаға дейін әртүрлі жанрдағы фильмдерде басты кейіпкерлерді сомдады. Сондай-ақ "Көктемнің он жеті сәті" телехикаясында Штирлицке ғашық болған неміс әйелі Габиді ойнады. Осы рөлі үшін Светличная РСФСР-дің еңбек сіңірген әртісі атағын алды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!