Мереке қарсаңында өнерпаздар аналары мен әйелдеріне не сыйлайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер, ел арасында "NNN" атымен танылған Нұрдәулет Бектұрсын "сүйіктім жоқ, бірақ анама қымбат сыйлық сыйлаймын", дейді.
"Анама көлік әпергенмін бірақ сатып жіберді. Қарыздарын құтылу үшін сатып жіберіпті. Енді осы мерекеде су жаңа көлік әпергім келіп тұр. Бірақ әзірге өзімнің де қарыздарым бар әлі жабылған жоқ бірақ міндетті түрде әперемін. Бағасы шамамен 5 – 10 миллионның шамасында", - дейді блогер.
Тіпті блогер осы мерекеге орай өзіне де сыйлық сыйлады. 200 миллионға бағаланған су жаңа Lamborghini Urus көлігін алыпты.
Әнші Ұланғасыр Қамиев келесі жылы бұл мерекеге орай анасына келін сыйлайтынын айтып қалды.
"Ең бірінші кезекте анамызға сыйлық сыйлауымыз керек. 8 наурыз болған соң осы күні сыйлаймыз ғой бәріміз. Мерекеге дейін бриллиант сырға сыйлап едім. Осы мерекеге көлік сыйлайын десем анам ауылда тұрады, оның үстіне көлік тізгіндей алмайды. Бірақ ойланып отырмын. Менің қызым жоқ бірақ келінді келесі жылы сыйлаймын", - дейді әнші.
Ал актер Артур Толепов жыл сайын анасына да, жарына да бағалы сыйлық сыйлайтынын айтты.
"Анам көптен бері телефонын жаңаласам деп жүрген еді. Соған су жаңа андройд модель ұялы телефон және гүл шоқтарын алдым. Ал жарыма келер болсақ бриллиант алқа мен 101 раушан гүліне тапсырып бердім", - дейді өнер иесі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!