- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бірге ішімдік ішкен:...
Бірге ішімдік ішкен: Жетісу облысында зейнеткер өз ұлын өлтірді деген күдікке ілінді
Жетісу облысында зейнеткер ер адам ұлын өлтірді деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл дерек Кербұлақ ауданында тіркелді, 28 қыркүйекте алыстағы шаруа қожалығының аумағында зорлық-зомбылықтың айқын белгілері бар жас жігіттің мәйіті табылды. Полицейлер оны өлтірді деген күдікпен 63 жастағы ер адамды ұстады.
"Ұсталған ер адам жәбірленушінің туған әкесі болып келеді. Алдын ала мәлімет бойынша, дастархан үстінде алкогольдік ішімдік ішудің аяғы жанжалға ұласып, соңы қайғылы оқиғамен аяқталған", - деп хабарлады Кербұлақ аудандық полициясы.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажет сараптамалар тағайындалып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина