- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бірге өмір сүреміз...
"Бірге өмір сүреміз деп ойламадық". Бағлан Әбдірайымов жарымен қалай танысқанын айтты
Әнші Бағлан Әбдірайымов Podcast Urpaq youtube-арнасына берген сұхбатында келіншегімен қалай танысқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, әншінің келіншегі көрші ауылдың қызы.
"Әйелімді 10-сыныпта алғаш рет көргенмін, кейін 11-сыныпта тағы кездестірдім. Университетте оқып жүргенде Шымкентте тағы да көрдім. Бірақ ол кезде қол ұстасып, өмір сүреміз деп ойламадық. Ең алғаш кездескен бейне көз алдыңда қалып кетеді ғой. Кейін "Жігіттер" квартеті құрылды, сонымен жүрдік. Жасым 27-ге келді, үйленетін уақыт жақындады. Былай уәделесіп, не қол ұстасып жүрген қыздар болмағандықтан "қандай жар таңдауым керек" деген сұрақ тұрған кезде, бір досымыздың тойынан осы Розаны көріп қалдым. Сол кезде іштей бір "осы сұрақтың жауабы табылды" дедім", - деді ол.
Кейін өнер иесі Розаны ата-анасымен таныстырған.
"Содан байланыс орнатып, жағдай сұрастық. Үйге келгенде әкем мен анаммен ақылдастым. "Қыздың өзімен таныстырсам, қалай қарайсыздар" деп сұрадым. Әке-шешем бірден келісті. Сөйтіп, Елдостың тойында таныстырдым. "Біздің пікірімізді тыңдайтын болсаң, осы қыздан артығын біз көріп тұрған жоқпыз" деп әкем бір ауыз пікірін айтты. Розаға ұсыныс айтып, кейін отбасын құрдық", - деді әнші.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы