“Бірге кеткен иті үйге қайтып келген, өзі оралмаған“: Жетісу облысында жоғалған ер адам табылды

“Бірге кеткен иті үйге қайтып келген, өзі оралмаған“: Жетісу облысында жоғалған ер адам табылды
Фото: ІІМ

Жетісу облысында жоғалған ер адам табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

13 ақпанға қараған түні полицияға шұғыл хабарлама түскен. Өңір тұрғыны бір күн бұрын мал жаюға шыққан 58 жастағы ер адам жоғалғанын айтқан.

12 ақпанда таңертең ер адам атпен шамамен 500 бас ұсақ малды жаюға шыққан. Оның телефоны болғанымен, көп ұзамай қуаты таусылып, байланыс үзілген. Сол күні түнде ер адамның иті үйге келген. 

"Кәсіби тәсіл мен үйлесімді іс-қимыл нәтижесінде жоғалған адам табылды. Ер адам қатты әлсіреп қалған. Полиция қызметкерлері оған дереу көмектесіп, су беріп, үйіне жеткізді. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ", - деді ІІМ өкілдері.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget