- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өрт сөндіру дрондары
Біреуінің құны 120 млн теңге - Қазақстан қытай дрондарын өндіреді
Үкіметтегі баспасөз брифингінде төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов көпқабатты ғимараттарда өрт сөндіретін бір дронның құны 120 млн теңге екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министрдің сөзінше, Қазақстанда қытай дрондарын өндіру пилоттық жобасы басталды.
"Бұл - пилоттық жоба. Елімізде Қытай дрондарын өндіреміз, ал жұмысты қазақстандық фирма атқарады. Бір дронның бағасы шамамен 120 млн теңге. Дронның ерекшелігі - 150 метрге дейін көтеріліп, өртті сөндіру мүмкіндігіне ие. Оны кез келген өрт сөндіру көлігіне жалғап, "рукав" арқылы өртті сөндіруге болады. Бұл біз үшін үлкен тәжірибе, әрі қарай бұл технологияны жетілдіретін боламыз. Алматыдағы биік ғимараттар үшін де дрондарды енгіземіз, бұл - әлемдік тәжірибе", - деді министр.
Сондай-ақ Шыңғыс Әрінов қазақстандық фирма өртсөндірушілерге дронды басқаруды үйрететінін атап өтті.
"Фирма келісімшарт бойынша біздің қызметкерлерді дронды қолдануға үйретеді", - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдайларға жедел дайындықты арттыру мақсатында өртсөндірушілерден, дәрігерлерден және құтқарушылардан тұратын әмбебап бөлімшелер құрылатынын хабарлаған болатынбыз.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Бақдаулет