Алматыдағы жер сілкінісінен 8 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
23 қаңтарда болған жер сілкінісі нәтижесінде сағат 03:00-те 8 адам зардап шекті. Олар бірден қалалық ауруханаға жеткізілді.
Жарақат алған үш адам тұрғын үйлердің 2 және 3 қабатынан секірген.
Тексерістен кейін екеуі амбулаториялық емдеуге жіберілді. Үшінші науқастың жағдайы ауыр, қазір ол ауруханада жатыр.
Үйден жүгіріп шыққан бес адам жарақат алды. Барлық қажет медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар амбулаториялық емдеуге жіберіледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!