“Біреуін бітірмей жатып, жаңасына кіріседі“. Алматыда бір мердігер лицензиясынан айырылды

“Біреуін бітірмей жатып, жаңасына кіріседі“. Алматыда бір мердігер лицензиясынан айырылды
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы AsiaMax ЖШС құрылыс компаниясының лицензиясын тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл компания Әбіш Кекілбаев көшесінде кәріз жүйесі желілерін қайта жаңарту жұмыстарын жүргізген.

"Лицензияның күшін жоюға жұмыс кестесі созылуы ғана емес, тұрғындардың наразылығын туғызған өрескел қателер де себеп болды: жоба шешімдері ауытқыған; құрылыс барысында мемлекеттік нормалар сақталмаған", - деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қаладағы мәселелерге кінәлілерді атады. 

"Кейбір компаниялар бір нысанды бітірмей жатып, жаңасын қолға алатын әдет қалыптастырған. Мұндай тәжірибеге мүлде жол беруге болмайды", - деді Дархан Сатыбалды бұған дейін.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget