- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Біреулердің түрткенін қаламаймын"....
"Біреулердің түрткенін қаламаймын". Наркенже Серікбаева қызының таңдауына қарсы екенін айтты
Әнші Наркенже Серікбаева қыздары туралы, олардың арман-мақсаттары туралы "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тұңғышы Жансая әнші болғысы келгенімен өнер иесі бұған қарсы екенін айтты.
"Тұңғышым Жансая құрбым сияқты болып кетті. Қазір қолдаушым, мені көп түсінеді. Жансаяны анам бағып берді. Оның қалай есейіп кеткенін байқамай қалдым.Жансая музыкалық колледжде оқыды. Әнші болғысы келеді, бірақ мен қарсымын. Қазір заман басқа, қорқамын. Қызым еркелеу болғанымен мінезі бар. Біреулердің қызымды түрткенін қаламаймын.Өнер жолы - өте ауыр жол.
Жансая еркелеу, баяғы менің жас кезіме ұқсайды. Бірақ қазір ана болғандықтан еркеліктің бәрін тоқтатып, есейді. Немерем Мұхаммеджан үшке толады", - деді ол.
Әншінің айтуынша, кенже қызы Хадия әкесінен аумай қалған.
"Ал Хадиям ес тоқтатып дүниеге келген қызымыз болғасын тәрбиесіне қатты мән беремін. Мінезі әкесіне ұқсайды.5 минутта ашуы тарқайды. Маған мүлде ұқсамайды. Әкесі қайтыс болғанда суретін көрсетіп, "папа" деп жүгіретін. Қазір олай емес. Іштей түсініп біледі", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы