- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Біреулер қастықпен өлтірді“....
“Біреулер қастықпен өлтірді“. Полиция Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты пікір білдірді
Полиция Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші Мақпал Жүнісова Арман Дүйсеновтің тұңғышы Абылай Арманұлын біреулер қастықпен өлтірді деген суық хабар жеткенін айтқан еді.
"Иманы саламат болсын, өлтірген адамды тауып, жазасын беру керек. Айсұлу айналайын, Алла сабыр берсін, кеше ұшып кетіп едім, туғандарына, анасына, қарындасы мен бауырына қайғырып көңіл айтамын", – деп жазды әнші.
Алматының Полиция департаменті бұл дерекке қатысты пікір білдірді.
"Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", – дейді Massaget.kz тілшісіне берген жауабында.
Еске салайық, 2023 жылы 24 қаңтарда танымал композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті.
Айта кетейік, Арман Дүйсенов – 1974 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында туған. Ол – композитор, тележүргізуші, продюсер. Музыканттың еңбек жолы 1990 жылы Павлодар қаласында өткен ХХІІ республикалық жас орындаушылар байқауында жеңіске жеткеннен кейін басталған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина