Біреудің пікіріне тәуелділік адамның өзін төмен бағалауына, фобияларын дамытуына әсер етуі мүмкін. Бұл туралы нейропсихолог Бибігүл Көшәлиева айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Нейропсихологтың айтуынша, адамдар басқалардың қалауы өз қалауынан маңыздырақ болып көрінгенде, айналасындағылардың өзі туралы не ойлайтынына тәуелді болады.
"Әрине, сізге ұнамайтын нәрсені жасау керек болатын кездер болады. Сондықтан басқа адамдардың мақұлдағаны үшін өзіңізге қажет нәрсені қаншалық жиі елемейтініңізді ескеріңіз", - дейді ол.
Маманның сөзінше, бала кезінен бастап көп адам әр жұмысы үшін мақтау алуға үйреніп қалған. Өзін бағаламайтын адамдар мұны ересек кезде де жалғастырады. Оларға таңдау жасау қиынға соғады, өйткені олар біреудің сөзінен қорқады.
"Өзіңізге және әрекеттеріңізге сенімді болу керек. Бірдеңе сәтсіз болса да, бұл өз шешіміңіз бен тәжірибеңіз болады", - дейді ол.
Өзін қызықсыз санайтын адам басқа адамдардың көзқарасына тәуелді болуын жалғастыра береді. Бұл жағдайда тәуелді адам өзінен бәріне ұнайтын адам жасауға тырысады.
"Барлығына жақсы болу мүмкін емес. Мысалы, біреу үшін сіз мінсіз көрінесіз, ал екіншісі сізді қарапайым деп айтады. Өзіңізді зерттеңіз: нені жақсы көресіз, не шабыттандырады, сіз үшін не қолайсыз және нені байқап көргіңіз келеді?" - дейді маман.
Нейропсихологтың пікірінше, басқа біреудің сөзіне тәуелді болмау үшін адам өзін тәрбиелеуі керек.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!