Белгілі мобилограф, кәсіпкер Қыран Талапбектің әйелі актриса Гүлзада Тұрлаш әлеуметтік желідегі оқырмандардың сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актриса жеке парақшасында отбасы, ене, келін тақырыбындағы сұрақтарға жауап берді.
"Жаңадан түскен келінге беретіндей кеңесім жоқ. Өзім де керемет келін емеспін. Бірақ барған жеріңізге бақыт сыйлаймын деген ниетпен баруыңызға тілектеспін", – деп жазды ол.
Сонымен қатар өнер иесі оқырманының "мұңаятын сәтіңіз бола ма?" деген сұрағына да жауап берді.
"Мен де ет пен сүйектен жаралғанмын. Алланың жаратылысымын. Сіздер секілді мен де мұңаямын, жылаймын, көңіл-күйім түседі. Бұл – процесс. Ешкімнің өмірін идеал етіп көрмеңіз. Өмір ақ пен қарадан тұрады емес пе?!", – деп жазды өнер иесі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!