- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Біреудің өлгенін күтеміз...
"Біреудің өлгенін күтеміз бе?" Алматыда тегін дөнерге таласқандар жұрттың ашуына тиді
Алматыда тұрғындар тегін дөнерге таласқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Видео zhest_kz_official telegram-арнасында пайда болған. Тегін дөнерге таласқан адамдар кішкентай балаларды қысып жібере жаздаған.
"Алматыда дөнер сататын жердің ашылуы. Адам көп жиналған, оның ішінде кішкентай балалар да бар. Біздің тұрғындарға Оңтүстік Кореяда болған оқиға сабақ болмаған секілді. Осындай мекемелерде мұндай шара ұйымдастырғаны үшін қашан жазалай бастайды? Біреудің өлгенін күтеміз бе?", - делінген жазбада.
Акция ұйымдастырушылары адамдарды бір-бірін қыспай, тәртіпке бағынуды сұраған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина