Алматыда автобус жолаушылары арасындағы жанжал төбелеске ұласып, оған қатысушылардың бірі пышақ шығарған. Полиция үш күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде автобус ішінде ер адамдар төбелескен видео тарады. Куәгерлердің айтуынша, кадр 20 тамызда Түрксіб ауданындағы № 33 бағытта түсірілген.
Видеода екі ер адам сөзге келіп қалғаны, артынша ол төбелеске ұласқаны көрінеді. Мұның бәрі жолаушылардың, соның ішінде әйелдер мен балалардың көз алдында болған. Кейін бұл жағдайға үшінші ер адам араласып, қатысушылардың біріне пышақ ала жүгірген, осылайша жолаушылардың зәресін ұшырған.
Жүргізуші жанжал одан әрі ушығуына жол бермеген. Ол екі ер адамды автобустан шығарып жіберген.
Алматы Полиция департаменті бұл дерек бойынша соталды тергеу басталғанын хабарлады.
"Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ІІМ өкілдері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова