Атырау облысы Жангелдин ауылында жоғалған отбасыға қатысты істегі күдіктінің анасы ішкі күдігін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңір тұрғыны журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында ұлы мұндай іске бармайтынын жеткізді.
"Балам тәртіпсіз емес. Еш уақытта ондай жолға барады деп ойламаймын. Балаларым қандай екенін білемін ғой. Құдай сақтасын, бір Аллаға аманат етемін. Оның алысқа кететіндей қаражаты жоқ. ...Біреу күштеп ұстап отырған сияқты. ...Қайдан білейін. Біреу ұстап тұрған сияқты. Екі ай болды. Бес баласының біріне телефон соғуға болады ғой. Хабар жоқ. Негізі ол - балажан адам", - деді күдіктінің анасы.
Атырау облысында жоғалған отбасының ісі
Еске салайық, 2025 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен.
Атырау облысы ПД
6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды. Олардың ұл-қызы әлі іздестіріліп жатыр.
8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.
Сонымен қатар, Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Бұл оқиғаға өзге де адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Күдікті Сұлтан Сәрсемалиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелген. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысының Полиция департаменті жүргізеді.
qamqor.gov.kz
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова