Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасы туралы пікір білдірді. Мемлекет басшысы ешқашан бұзақылар мен лаңкестерді батырға айналдырмау керегін атап өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда заң үстемдік етуі қажет екенін мәлімдеді. Өйткені заңсыз қоғамдық тәртіп орнату мүмкін емес.
"Заң мен тәртіп ішкі саясатымыздың алдыңғы қатарына шығуы керек. Осылай ғана азаматтарымыздың игілігі мақсатында экономикалық реформаларды тиімді жүргізу үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ете аламыз. Заң мен тәртіп қаңтардағы қайғылы әрі мемлекетіміздің беделіне нұқсан келтіретін оқиғалардың қайталанбауына мүмкіндік береді", - деді Тоқаев Алматы облысының жұртшылығымен кездесу барысында.
Мемлекет басшысы бұл трагедиядан сабақ алып, ешқашан бұзақылар мен лаңкестерді батырға айналдырмау қажет екенін айтты.
"Өкінішке қарай, мұндай оқиғалар қайталануы мүмкін. Біреу мұны қатты қалайды", - деді Президент.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!