- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Біреуі ғана ұсталды:...
Біреуі ғана ұсталды: Маңғыстау облысында бір топ адам жігітті өлімші етіп соққыға жыққан
Әлеуметтік желіде Бейнеу ауылында белгісіз біреулердің ер адамға шабуыл жасағаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, оқиға орнынан түсірілген кадрларды балалар түсіріп алған. Полиция қызметкерлері бұл оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Алайда бір ғана күдікті қамауға алынды.
Видеода бір топ жігіт ер адамды аяусыз соққыға жығып жатқаны көрінеді. Оқиға Бейнеу ауылында 18 маусымда болған.
"Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті өкілдері.
Қоғам қайраткері Бибігүл Рамазан Facebook-парақшасында шабуыл жасағандар жазадан құтылып кетуі мүмкін екенін мәлімдеді.
"Видеода 18 маусымда Бейнеуде 4 адам 1 адамды ұрып жатқаны анық көрініп тұр... Видеода күдікті 1 адам емес, 4 адам екенін жалғыз мен көріп тұрмын ба? Әлде сізде көз жоқ па?" - деп жазды Бибігүл Рамазан парақшасында.
Кейбір мәлімет бойынша, ер адамды әйелінің туыстары ұрып өлтірген. Бұл ақпаратқа қатысты тәртіп сақшылары пікір білдірмеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек