Біреуі бала: Ұшақ апатынан зардап шеккен қанша адам ауруханаға жеткізілді?

Ақтаудағы ұшақ апатынан 10-нан аса жолаушы ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

"Ұшақ апатқа ұшыраған жерден Маңғыстау облыстық ауруханасына 12 адам (біреуі - бала) түрлі жарақаттармен жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.

Ұшақ бортында экипаж мүшелерін қосқанда 67 адам болған. Оқиға орнында 14 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр.

Ақтаудағы ұшақ апаты туралы не белгілі?

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан.  Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. 

Кейінірек Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнына барды. Құтқарушылар жеткен кезде ұшақ өртеніп жатқаны анықталды.

Қазақстанның Көлік министрлігі де төтенше жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!