Бүгінде беттің ассиметриялы болуы көпшіліктің комплексіне айналды. Біреулер ассиметрияның себебін анықтай алса, енді біреулер не үшін екенін білмей дал. Шығыңқы жаққа брекет көмектесе ме? Бұл сұраққа тіс дәрігері Ислам Байболов жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Егер сізде ауыз, ерін ассиметриялы болса, мәселе тістің жаққа орналасуына байланысты.
"Мәселен, жоғарғы тістер төменгі тістерден алға қарай шығыңғы болса, бұл - дисталь тістем. Дисталь тістем симптомында тіс доғаларының сәйкес келмеуі айқын байқалады" - дейді тіс дәрігері Ислам Байболов.
Сондай-ақ, дәрігер тістердің өзгеруінің басқа қырларын да ашып айтып берді.
"Дисталь тістеу әртүрлі факторлардың әсерінен пайда болады. Егер ата-ананың бірінде дисталь тістем болса, балаларына берілу ықтималдығы жоғары. Сонымен қатар, тамақты тек астыңғы немесе тек үстіңгі тістермен ғана шайнау жақтың дамуында кейбір ауытқулар туындатады. Яғни, төменгі жақтың жеткіліксіз дамуы немесе жоғарғы жақтың шамадан тыс дамуы тістердің ауыз қуысының артқы жағына жылжуына себеп болады. Бір немесе бірнеше тістерді жұлдырту немесе олардың түсуі қалған тістердің орналасуының өзгеріп, дисталь тістемнің пайда болуына тағы бір себеп. Сәбиді бесікке немесе жерге шалқасынан жатқызу төменгі жақты дамытпай қояды. Сондықтан шалқасымен көп жатқызбауға кеңес беремін. Саусақты сору немесе кезінде 3-4 жастан кейін де емізікті пайдалансаңыз, мәселенің бір шеті осы болуы мүмкін. Ортодонтиялық емнің болмауы немесе ортодонтиялық аппараттарды дұрыс қолданбау, уақытылы емге жүгінбеу сияқты мәселелер дистальды тістемнің дамуына әкеп соғады", - дейді тіс дәрігері.
Жақтардың дұрыс орналаспауына, неге назар аудару керек? Өйткені дисталь тістем ауыз қуысының қызметі мен денсаулығына әсер ететін бірқатар мәселелерге себеп болады.
Біріншіден, жақтардың күші тістерге біркелкі бөлінбейді. Бұл тістердің тозуына, эмальдың және тіс түбірі жүйесінің зақымдануына әкеп соғады.
Жақтың жоғары жағы төменгіні жауып тұратын дисталь тістем тіс тазалау кезінде ауыз қуысының белгілі бір жерлерін тазалауды қиындатады. Ал дұрыс тазаланбаған бөліктер қызыл иек ауруларын туындатады.
Артикуляция және сөйлеу проблемалары. Дисталь тістем дыбыстардың артикуляциясын және сөйлеу функциясын бұзуы мүмкін.
Психологиялық мәселелер. Дисталь тістеммен байланысты эстетикалық мәселелер адамның өзін-өзі бағалауы мен сенімділігіне теріс әсер етеді.
Дисталь тістемді емдеу әдетте әртүрлі әдістер мен құрылғыларды қамтитын ортодонтиялық ем арқылы жүзеге асырылады.
Дисталь тістемді емдеудің кейбір мүмкін тәсілдерін қарастырдық:
Жазира Бекболатова
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!