- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бірден мұз астына...
Бірден мұз астына түсіп кеткен: Атырауда жоғалған балықшы екі жарым айдан кейін өлі табылды
Атырауда Жұмыскер шағынауданынан 49 жастағы ер адамның денесі табылды. Ол 5 қаңтарда суға батып кеткен болатын, - деп хабарлайды AtyrauPress.
5 қаңтарда сағат 11:14-те Жайық өзенінде екі адам мұзға құлап кеткен еді. Құтқарушылар олардың біреуін аман алып қалды, ол облыстық ауруханаға жеткізілді. Ал екінші адам бірден мұз астына түсіп кеткен, оны құтқару мүмкін болмаған.
Іздеу жұмыстары бір айға жалғасқан, бірақ ауа райы қолайсыздығына байланысты уақытша тоқтатылған. 16 наурызда күн жылынып, іздеу қайта жанданды. Іздестіру жұмыстарына 5 құтқарушы мен 1 су кемесі жұмылдырылды.
22 наурызда Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері Жұмыскер шағынауданындағы өзеннен суға батып кеткен 49 жастағы ер адамның денесін тапты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова