Кеше Астана - Петропавл тасжолының 236-шақырымында 9 көлік соқтығысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Петропавлдың 34 жастағы тұрғыны ВАЗ 2109 көлігін жүргізіп келе жатып, жол мен метеорология жағдайын ескермей, 64 жастағы астаналық тізгіндеген Chevrolet Cobalt көлігімен және Беларусь Республикасының 38 жастағы азаматы тізгіндеген Volvo көлігімен соқтығысқан. Содан кейін тағы 6 көлік соқтығысқан: Renault Sandero, Газель, 2 Toyota Camry, Daimler Chrysler және Toyota Prado.
Жол апаты салдарынан "Авиценна Бурабай" ЖШС-не 19-49 жас аралығындағы соқтығысқан көліктердің 2 жүргізушісі мен 7 жолаушысы жеткізілген.
6 жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 610-бабы 1-бөлігі "Көлік құралдарының жүргізушілерінің адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарына немесе өзге де мүлікке зиян келтіруге әкеп соққан жол жүрісі ережелерін бұзуы" бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!