Бразилиялық боксшы Эскива Фалькао (30-0, 20 КО) орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын (12-0, 8 КО) жекпе-жекке шақырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Қазір сен нағыз чемпионсың, мен сенің белбеуіңді тартып аламын. Кеттік, чемпион", - деп жазды Фалькао Twitter-де.
Айта кетейік, таяуда ғана Жәнібек Әлімханұлы ресми түрде WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!