Бразилияда полиция бұрынғы президент Жаир Болсонарудың жақтастары басып алған барлық ғимаратты: Ұлттық конгресті, Президент сарайын және Жоғарғы сотты босатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бразилия астанасындағы тәртіпсіздіктер кезінде тәртіп сақшылары 400-ге жуық адамды ұстағаны хабарланды. Ереуілшілер мінген төрт автобус мамандандырылған полиция бөліміне жіберілді. Тәртіп бұзушылар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сан-Паулуда жұмыс сапарымен жүрген Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва жақында ел астанасына оралатынын мәлімдеді.
Бразилия астанасындағы тәртіпсіздіктерді АҚШ, Еуроодақ және Латын Америкасының бірқатар мемлекеті бұған дейін айыптап үлгерген.
АҚШ президенті Джо Байден жағдайды "жалған" деп атады.
Франция президенті Эммануэль Макрон да Силва Париждің қолдауына сене алатынын айтып, "Бразилия халқы мен демократиялық институттардың еркі құрметтелуі керек" деді.
Экс-президент Жаир Болсонару үкіметтік ғимараттарға басып кірген жақтастарын қоғамдық тәртіпті бұзды деп айыптады.
"Бразилия астанасында үкіметтік ғимараттарға шабуыл жасаған наразылар заңды бұзды", - деп жазды ол Twitter-де.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!